11.07.2020, 10:00

АҚШ-та түсірілген видеоны көрген қазақстандықтар шошып қалды

фото: Маңғыстау әкімдігінің instagram парақшасынан алынды
Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жасалады екен

Әлеуметтік желілерде аспаннан қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосы тараған болатын. Осы видеоға қатысты Маңғыстау облысының әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазба Маңғыстауда, жалпы Қазақстанда түсірілмеген. Еліміздің Қорғаныс министрлігіне хабарласып, сұрадық. Ведомство өкілдері қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың министрлікке тиісті емес екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ұшақ Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Әдетте Америкада өртті сөндіру үшін суға қызыл түсті бояу қосылады. Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жасалады екен", - делінден әкімдік таратқан ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.