$ 449.3  489.69  4.89

Алматыдағы жол апатынан үш адам зардап шекті

Олар көптеген жарақатпен жақын арадағы ауруханаға жеткізілді.

Алматының Райымбек даңғылы мен Казаков көшесінің қиылысында жаппай жол апаты болды. Салдарынан үш адам зардап шекті. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Көптеген куәгердің айтуынша, Nissan Almera көлігі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Қиылыста жүргізуші белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай қалған.

Салдарынан көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota-мен соқтығысқан. Содан кейін Nissan Almera бір шетке ұшып түсіп, басқа бір көлік – Mazda-мен соқтығысқан.

Даңғылдағы қозғалыс тоқтатылды. Апаттан үш адам зардап шекті – Nissan Almera жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Mazda 626 жүргізушісі. Олар көптеген жарақатпен жақын арадағы ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары