$ 445.66  474.58  4.78

Сағынтаев халықпен бірге дәріхана кезегіне тұрды (ВИДЕО)

Оның қасында арнайы форма киген медицина маманы бар.

Алматы қаласының әкімі тұрғындармен бірге дәріхана кезегіне тұрды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы дәріханалардың бірінің алдында кезек күтіп тұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Видеодан әкімнің біршама адаммен арақашықтықты сақтай тұрып, өзінің кезегін күткенін байқауға болады.  Айтпақшы, оның қасында арнайы форма киген медицина маманы бар.

Ал әкімдіктің баспасөз қызметі болса, Сағынтаевтың бұл ісін: «Алматы әкімі дәрі-дәрмектер мен кезек күткен көпшіліктің жағдайын өзі тексеріп шықты», - деп түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары