$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте Бекзат Саттархановтың бауырын өлтіріп кеткендер жазасыз қала ма?

Әкесі төбелес кезінде өзі секілді жаттықтырушы болып қызмет еткен досының баласына көмек қолын созбағанына да күмәнмен қарайды.

 Түркістан облысындағы таэквандо федерациясының төрағасы, спорт шебері Егізбай Жанғалидің өлімі туыстары үшін әлі де болса құпия қалып отыр. Осыдан бір ай бұрын 32 жастағы таэквандо шеберін Шымкенттегі кафе маңында әлдебіреулер аяусыз соққыға жығып, өлімше етіп ұрып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz.

Марқұм Егімбай олимпиада чемпионы, 20 жасында жол апатынан мерт болған Бекзат Саттархановтың немере бауыры екен. Жанғалидің жары Ләззат Құрбаниязованың тергеу амалдарына көңілі толмайды.

Сол күні кешкісін күйеуіне ұжымындағы жаттықтырушы тынымсыз хабарласып туған күнін тойлауға шақырған. Сағат 4-тер шамасында қайтуға бет алған Жанғалиға әлдебіреулер тиісіп, соңы төбелеске ұласқан деп отыр жұбайы. Оның ақыры күйеуінің өлімімен аяқталған. 

Сондай-ақ Ләззат Құрбаниязова жолдасының ұжымдасы үйіне келгенде оқиғаны басқаша баяндап, сотта тергеушілердің көзінше мүлде басқаша айтып отырғанына аң-таң. Жанғалидің артында үш баласы қалған. Жастайына спортқа құмар Жанғалидің құмыры осымен аяқталғанына әке-шешесі әлі де сене алмай отыр.

  Әкесі төбелес кезінде өзі секілді жаттықтырушы болып қызмет еткен досының баласына көмек қолын созбағанына да күмәнмен қарайды. Қалай дегенмен де таэквандодан шебер, аға жаттықтырушы ұлы Жанғалидің көшедегі екі бұзақының жалаң қолынан қаза тапты дегенге сену қиын. Полицейлер марқұмның аталған іскен көңілі толмаған туыстарының уәждерін тыңдап, істі қайта қарап, зерделеуге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары