17.07.2020, 13:00

Түркістан облысында малшы өзгенің 570 қойын сатып жіберген

Фото: voxpopuli.kz
Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28, 5 миллион теңгеден асты.

Түркістан облысында малдың бір бөлігін сатып жіберген бақташы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 570 бас қойы жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, биыл сәуір айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда үш айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28, 5 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.