17.07.2020, 15:00

Қызылорда облысында төрт жасар қыз қаза болды

фото: sputniknews.kz
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 18 адам суға кетті.

Қызылорда облысында каналға құлаған төрт жасар қыз бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылына бес шақырым қашықта орналасқан каналда болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз бала каналға абайсызда құлап кеткен. 

«Мәйіт жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылды. Сол азаматтардың күшімен жерленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері. 

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 18 адам суға кетті. Оның 8-і – бала.