$ 448.89  477.93  4.76

Әнші Рамазан Стамғазиевтің туған інісі көз жұмды

Еске сала кетсек, Ерлан Стамғазиев 1970 жылы Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Көппияз ауылында дүниеге келген.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында белгілі әнші Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерлан Стамғазиевтің өмірден өткенін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры және ұжымы ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Ерлан Өмірәліұлы Стамғазиевтің дүниеден озуына байланысты қазаға ортақтасып, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Амал кітабы оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын!» - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Ерлан Стамғазиев 1970 жылы Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Көппияз ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Алматыдағы П.И. Чайковский атындағы музыка колледжін, 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары