Өзбекстанда дәрігерлерге және медбикелерге коронавирус жұқтырған жағдайда шағымданбау туралы қолхат жаздырып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы centralasian.org-қа сілтеме жасап.
Өзбекстандағы санитария және эпидемиология орталығынының қызметкерлеріне шілде айының басында коронавирус жұқтырған жағдайда шағымдандау туралы қолхат жаздырып алған. Алайда медициналық мекеменің басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Ташкент ауруханаларының бірінде істейтін медбикеның айтуынша, мұндай қолхатты ол он күн бұрын жазып берген.
"Біз төрт айдан бері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрміз. Екі апта үй карантинінде отырып, жұмысқа шыққанда, маған да осындай қолхат жаздырып алды. Он күн бұрын болған жағдай. Маған не жазу керек екенін айтып тұрды, сол себепті қолхат мәтіні есімде қалмапты. Көршім басқа бір ауруханада жұмыс істейді. Ол да осындай қолхат жазған", – деді астанадағы ауруханалардың бірінде істейтін медбике.
Бұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау саласындағы жағдай мәз емес екенін мойындаған.
15 шілдеде өткен жиналыста мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі мен Ташкент басшысына жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін сөгіс жариялады.