Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 18 шілдесінде сағат 20.05 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 548 шақырымында "ЗИЛ-130" маркалы автокөліктің қатысуымен орын алды. ЖКО салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан "ЗИЛ" маркалы автокөлігін басқарған 1982 жылғы азамат рульді басқара алмай жолай келе жатқан "Пежо-307" маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – полиция аға лейтенанты Максим Шевченко мен полиция лейтенанты Руслан Меделханов болған.
Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікпен соқтығысқан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан "Мазда-626" маркалы автокөлігімен, ал кейін "Рено" маркалы фурасымен. Осыдан кейін " ЗИЛ" жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бірнеше минуттан кейін газовоз жарылып, толықтай жанған.
Өкінішке қарай, аталған жол-көлік оқиғасында 1972 жылғы Ж. есімді "Мазда - 626" жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты.
Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған: олар санаулы секунд ішінде жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. "Зил" автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.
Жарылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Сондай-ақ, осы ЖКО салдарынан патрульдер де зардап шеккен, олар көптеген кесілген дене жарақаттарын алған. Бірақ, тәртіп сақшылары бұған қарамастан, өз қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған.
Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.