$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғындардың кесірінен Павлодардағы 56 саяжай отқа оранды

Жалын 8 шаршы метрді қамтыды.

Павлодарда 56 саяжай өртенді. Оның 21-і істеп тұрған болса, 35-інде адам тұрмайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, саяжай учаскелерінде ағаш қоршаулар мен құрылымдар,  құрғақ шөп, қоқыс, ағаш жанған.

"Сағат 19.07-де Фиалковая, Лесная, Центральная, Флоксовая, Хлопковая, Гвоздичная көшелерінде "Надежда" өрт тіркелді. Жалын 8 шаршы метрді қамтыды. Саяжай иелері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.  Өрттің шығуына  тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған", - дейді департаментте.

Тілсіз жауды сөндіруге  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен алты техника мен 28 адам, газ-түтіннен қорғау бөлімі шықты. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне қарасты мекемелер жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары