21.07.2020, 10:00

Түн ішінде тексерушілерді әбігерге салғандардың қулығы іске аспады

фото: видеодан скриншот
Мұндай әдісті мейрамхана әкімшілігі ойлап тапқан екен.

Таразда карантин талаптарын өрескел бұзған мейрамхана қожайыны мен қонақтар тексерушілерді біраз әбігерге салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

Түн ортасында думандатқан 40-қа жуық адам күтпеген қонақтарды көре сала, вип-бөлмелерге қашып тығылып, есікті іліп алған. Тіпті, есікті аша алмаған тексерушілер құтқарушыларды көмекке шақырды. 

Түн ішінде жасырынбақ ойнап, тексерушілерді әбігерге түсірген әдісті мейрамхана әкімшілігі ойлап тапқан екен. Алайда карантин ережелерін елемей жұмысын жалғастырғандардың қулығы іске аспады. Тәртіп сақшылары бұрыш-бұрышқа тығылған мейрамхана қонақтарын да бір-бірлеп сыртқа шығарды. Ешқайсысы бетперде кимеген. 

Мұндай заңбұзушылық қаладағы өзге де көңіл көтеретін орындардан анықталыпты. Тексерушілер көңіл көтеремін деп тұтылғандардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылғанын айтады. Бір түннің ішінде 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.