23.07.2020, 17:20

Павлодар облысында 7 жылқыны көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Жүк көлігінің артында келе жатқан Hyundai Accent автомобилі де жануарларды соққан. Салдарынан жылқылардың бірі көліктің ішіне кіріп кеткен.

Қызылорда-Павлодар тасжолында 7 жылқыны көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат поталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 шілдеде шамамен түнгі сағат 01.30-де КамАЗ көлігінің жүргізушісі жылқыларды соққан. Жүк көлігінің артында келе жатқан Hyundai Accent автомобилі де жануарларды соққан. Салдарынан жылқылардың бірі көліктің ішіне кіріп кеткен.

Hyundai Accent автомобилінің 30 жастағы жүргізушісі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция аттардың иесі Қоянды кентінің тұрғыны екенін анықтаған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Назар аурыңыз, видеоны жүрегі нашар адамдарға және балаларға көруге болмайды.