$ 494.87  520.65  4.91

Желіде көпірден секіріп кеткен қыздың ВИДЕОсы пайда болды

Қыз үнемі жылаумен болып, ол осындай қатал әрекеттінің себебін айтпаған.

Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қапшағай полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары Асхат Дабылдаев пен Айбек Нұрмекенов Қапшағай көліне қыздың көпірден секірмек болып жатқаны туралы хабар алған.

"Жедел кезекші бұл туралы хабарлағаннан кейін, біз әріптесіммен бірге бес минут ішінде оқиға орнына жеттік. Ақпарат расталды: парапеттің артында қыз тұрды. Ол тілдесуге жауап қатпады, бір сәтте қыз суға секірді. Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған ұмтылды. Ол бір қолымен қызды ұстап, жағаға жүзе бастады. Адам өмірін құтқара алдық. Қыз үнемі жылаумен болды, ол осындай қатал әрекеттінің себебі туралы бізге ештеңе айта алмады", – деп құтқару операциясының егжей-тегжейін баяндады Дабылдаев.

Сонымен қатар, полицейлер медицина қызметкерлерін күтпей, қызды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға өз беттерінше жеткізген.

"Бұл ерлік емес. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің куәгері болған өзге де полиция қызметкерлері дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін", – дейді Асхат Дабылдаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары