$ 443.85  474.3  4.8

Нұр-Сұлтанда кейбір ойын-сауық орындарының иелері карантин талабына құлақ асар емес

Мекеме иелерінен жазбаша түсініктеме алынды.

Санитария нормаларын сақтамаған кафелер мен мейрамханалардың иелеріне көп мөлшерде айыппұл салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Полицейлер мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы карантин тәртібін бұзушыларды анықтау бойынша кезекті рейд жүргізді. Пандемия кезінде бірқатар мекемелерде санитария ережелері сақталмайтыны анықталды. Солардың бірі – Тұран даңғылы, 2 мекен-жайында орналасқан «Аура» кафесі.

 «Жазғы террассада қойылған 15 үстелдің барлығында келушілер болды. Олардың арасында қашықтық сақталмаған. Кафе ішіндегі караокенің екі кабинасында да адамдар болды. Маска тағу тәртібі сақталмаған. Жарлыққа сәйкес жұмыс уақыты 22:00-ге дейін болса да, кафе сағат 23:00-де әлі жұмыс жасап тұр», – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының бас маманы Жеңіс Камалиев.

 Мекеме иелерінен жазбаша түсініктеме алынды. 

«Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметкерлері аудандық СЭС басқармасына хабарлама жіберді. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деді мобильді топтардың үйлестірушісі Аман Оспанов.

Жауапты тұлғалар бизнес иелері мен келушілерді барлық қоғамдық орындарда санитария нормаларын қатаң сақтауға шақырады: санитайзерлерді қолданып, маска тағу, қашықтық сақтау керек. 

Айта кетейік, өткен аптада Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын мобильді топтар 227 карантин тәртібін бұзушылықты анықтады. Оның ішінде маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтаудың міндетті талаптарын бұзу – 146 болса, тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған 81 кәсіпкерлік субъекті карантин талаптарын бұзған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары