29.07.2020, 13:00

Қазақстандық дәрігерлер қуаныштан билеп жүр (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот
Медбикелер осылай билей берсін!

Әлеуметтік желіде қуаныштан билеген дәрігерлердің әрекеті түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео авторы Мақсат Қуаныштың жазуынша, дәрігерлер аурулар санының азайғанына қуанған. Мәселен ол: "Алла ауруды аулақ қылып, медбикелер осылай билей берсін! Жақсы болған екен", - деп жазды.

Бейнежазбаға көз жүгіртіп, құлақ түрсеңіздер, кадр сыртындағы бір әйелдің: "Аурудың беті қайтты. Екі күннен бері түсіп жатқан кісі жоқ. Біздің қыздар соған қуанып, билеп жатыр", - деген үнін естуге болады.

Оған қоса, видеода стационарларда пайдаланылатын қорғаныш киімдерін киген екі қыздың билеп жүргені анық көрініп тұр.