29 шілде күні кешке Жетісу ауданындағы бір қабатты жеке үйде газ аттылып, жарылыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді.
"Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дененің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына: 1 ит бригадасы, 8 құтқарушы, құтқару қызметінің 2 техникасы, 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ өзара әрекеттесу қызметтері тартылды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші осы үйде жалғыз тұрған. Жарылыстың алдын-ала себебі - газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде", - дейді ТЖД-дағылар.