Оқиғалар 01.08.2020 сағат 18:17

«Тіпті, ұрады»: Қарағандылық әйел 22 жыл құлдықта өмір сүргені туралы айтып берді (ВИДЕО)

Мадина жұмыс таңдап отырмаған, ерлер істейтін небір ауыр жұмыстарды да істеген.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Құқыққорғаушылар қазіргі құл иелерінің құрбандары тек мигранттар ғана емес, сонымен бірге кәдімгі ерлер мен әйелдер, қарттар мен балалар болуы мүмкін екенін ескертеді. Мадина Аманбаева 22 жылын құлдықта өткізген. Бұл туралы Stan.kz "31 арнаға" сілтеме жасап хабарлайды. 

Мадина Аманбаева жетімдер үйінде өскен. 16 жасында еңбек құлдығына түскен. Ол 22 жыл құлдықта өмір сүрген. 22 жыл бойы фермада істеп, ақысына таяқтан басқа соқыр тиын да алмаған.

"Ұрғанда қалай ұратын. Бірде омыртқам сынған", - дейді ауыр күндері туралы Мадина. 

Мадина жұмыс таңдап отырмаған, ерлер істейтін небір ауыр жұмыстарды да істеген. Қазір оның жасы 39-да болса да осыған дейін бір де бір рет айлық алып көрмеген. 

"Мені мазақ қылатын. Менің ғана емес қызымның да үстінен күледі. Тіпті, ұрады", - дейді Мадина.

Құлдықта жүрген Мадина үш балалы. Құлдықта жүрген адамдар қалыпты өмірге бірден үйренісе алмайды. Көбісі жалғыздықтан немесе қорқыныштан көз жұмып жатады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар