Төрт күндік іздестіру жұмыстарынан кейін Шығыс Қазақстан тұрғынының мәйіті табылды. Марқұмның өліміне оның танысы күдікті саналып отыр, деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы ШҚО полициясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
40 жастағы Лариса Гусактың жоғалғаны туралы төрт күн бұрын полицияға оның туыстары хабарлаған. Әйел Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында тұрған.
Туыстарының айтуынша, ол таңертең жұмысқа кеткеннен үйіне қайтып оралмаған. Осыдан кейін оны ешкім көрмепті.
Полицейлер мен еріктілер хабарсыз кеткен азаматшаны бірнеше күн бойы іздестірді. Өткен түнде Ларисаның өлі табылғаны белгілі болды.
Оның денесі Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде орналасқан далада көмілген.
Полицейлер оның 59 жастағы танысын әйелдің өліміне қатысты күдікті ретінде қарастырып жатыр. Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Ресеймен шекарада көлікпен шетел аспақ болған жерінен ұсталған. Полиция күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады. Тәртіп сақшылары қылмысты аса ауыр деп жіктейді.
Қазіргі уақытта жергілікті полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.