$ 443.35  475.54  4.82

Қызылордалық азамат каналға бетін жумақ болған сәтте суға құлап ажал құшты

Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қызылорда қаласында 30 жастағы азамат Шіркейлі каналына суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, бүгін жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де ол бетін жуып жатқан сәтте абайсызда каналға құлап кеткен.

«Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Әзірге табылған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары