Жұмыс кабинетін күн сайын Аллаға аманаттап кететін адам қызық жағдайға тап болды, деп хабарлайды Islam.kz.
Ливандағы талай адамның ажалына себепкер болған алапат жарылыстан зәулім ғимараттардың өзі үйіндіге айналғанын білесіздер!
Мұсылмандар Раббасын күніне бес уақыт намазбен еске алып қоймай, сонымен қатар, өмір сүру салтын да сүннетке сай қалыптастыруға күш салады. Сондай ынталы мұсылмандардың бірі жұмысынан кетерде кабинетін, ондағы дүние-мүлкін аман сақтауды сұрап, дұға етіп, Аллаға аманаттап кетеді. Бұл күнделікті әдетіне айналған.
Жойқын жарылыстан кейін жұмыс орнына келген ол тас-талқаны шыққан, терезесі шағылған кеңсені аралай жүріп отырып, өзінің жұмыс бөлмесіне кіреді. Өз көзіне өзі сенбей, таң-тамаша тұрып қалады. Өйткені, оның кабинетінде бәрі қаз-қалпында тұр, тіпті, бірде-бір қағаз үстелден түспеген.