$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда бірнеше бойжеткен тұрғындарды ұрып кетті

Жергілікті тұрғындар карантин басталғалы осы аумаққа адамдар көптеп келетінін айтып отыр. Кеш сайын жүздеген көлік жиналады.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Алматыда демалыс күндері түнде жастар трамплиндерге барар жолда жиналған. Осы ауданда тұратын отбасы далаға шығып, жастарға ескерту жасады.

Алайда жастар бұған ашуланып, жұдырық ала жүгірген.

"Ол күйеуіме келіп телефонмен ұрды. Мұрны сынып, қан кетті. Мен күйеуім әйелді ұрып тастамасын деп, араша түстім. Ал бойжеткен мені соққыға жыға бастады", - дейді алматылық.

Зардап шегуші Әлмира Нұрышева "Almaty" телеарнасына берген сұхбатта үйі "Сұңқар" шаңғы кешеніне баратын жолда орналасқанын айтты. Жергілікті тұрғындар карантин басталғалы осы аумаққа адамдар көптеп келетінін айтып отыр. Кеш сайын жүздеген көлік жиналады. 

"Жастар түнде ұйқы бермейді. Ішімдік ішіп, у-шу болады. Тәртіп орнату керек", - деді жергілікті тұрғын Қанат Ақышев.

Жағдайға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді. 

"Участкелік инспекторлар және патрульдік полиция жедел алдын алу шараларын өткізеді. Тәртіп бұзылған жағдайда шара қолданылады. Демалыс және мереке күндері арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді", - деді полиция департаментінде.
"Сұңқар" шаңғы трамплиндері халықаралық курорты да жергілікті тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуг уәде берді.

"Қосымша бекет қоямыз. Қалалық ішкі істер департаментінен де тағы бір бекет қоюды сұраймыз. Өйткені көп адам жиналады", - деді "Сұңқарда".

Дереккөз: Sputnuk Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары