Солтүстік Қазақстан облысында екі адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы “Челябі – Новосібір” жолында “Toyota Camry” көлігін тізгіндеген Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағв тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны басқарған “КамАЗ” автокөлігімен бетпе-бет соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. “КамАЗ” жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Биылғы жылдың жеті айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.