$ 448.89  477.93  4.76

Қаскелеңде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Жүргізушілер жолдағы әр қимылымыз үшін ақша береміз дейді. Барлық базарына кіріп-шыққан 200 теңге екен.

Қаскелең автопаркінің жүргізушілері жолаушы тасымалдаудан бас тартып, жұмысқа шықпай қойды. Себебі 30-ға жуық қоғамдық көліктің тізгіншілері айлығынын қысқарғанын, негізсіз төлемдерден шаршағанын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.kz.

Бүгін жүздеген облыс тұрғындарының қалаға қатынуы қиындады. Көбісі таксиге мінуге тура келді. Алматы-Қаскелең тас жолында қалаға қарай қол көтерген адамдар көбейген. Әдетте бұл жолаушылар 23-ші және 78-ші бағыттағы автобуспен діттеген жерлеріне жететін. Алайда аталған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан түбегейлі бас тартты. Олар айлықтарының негізсіз қысқарғанын айтады. 9 сағаттық жұмысымыз 13-14 сағатқа дейін созылады дейді.

«Осыдан екі ай бұрын бәрін реттейміз айтқан. 200 мыңнан жоғары аласыздар деген. Талоннигіміз де бар. Бәрі осы жерде тұр. Бірақ 1 ай жұмыс жасаған жігіттер 70-80 мыңнан аспай жатыр», – деді қоғамдық көлік жүргізушісі Ерлан Жолтабаров.

Жүргізушілер жолдағы әр қимылымыз үшін ақша береміз дейді. Барлық базарына кіріп-шыққан 200 теңге екен. Диспетчерлерге тағы тиын беру қажет. Тіпті, айтуларынша, автобустың кейбір бөлшектерін де өздері сатып алады.      

«500 теңге отырған диспетчерге береміз. Қоқысқа шейін төлейді жігіттер. Өз қалталарынан төлейді. Күніне бәрібір автобустар 7-8 шығыны кетеді. Мына жерде Қалқаман деген тұр. Ол жерде тағы «отметка» береді. Өтініш, ұстасын. Біз неге қалтамыздан береміз деп отыр ғой жігіттер»,– деді қоғамдық көлік жүргізушісі Сейітбек Иманқұлов.

Ал, автопарк әкімшілігі бұл жайтты жоққа шығарды. Сонымен қатар, жүргізушілердің айлығы кесілмеді деп сендірді. Бірақ пандемия мен елде енгізілген карантин қаржылық жағдайға біраз өзгеріс әкелгенін айтады. Сондықтан сыйақыдан үнемдеуге тура келеді дейді. Оның үстіне жолаушылар саны азайған-мыс.  

«Бұрын айтып отырмын ғой күніне 900-1000 адам таситын болса, қазір орташа 600 адамдай ғана таситын болды. Енді соған байланысты паркке ақша түсімі азайып қалды. Бір жағынан айтып жатқаны дұрыс  саналмаған.Балаларға айттым, бір күн маған беріңдер, мен санап беремін. Келіспегенді ары қарай заң жүзінде келістіруге болады», – деді «Қаскелең автопаркі» ЖШС директорының міндетін атқарушы Арыстан Мананов.

Автопарк басшылығы тез арада жалақы мәселесін шешетінін айтып, жүргізушілермен бір мәмілеге келді. Содан кейін автобустар бағыттарына қайта оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары