$ 449.3  489.69  4.89

«Қазақфильм» киностудиясы аумағында алапат өрт болды (ВИДЕО)

«Өрт туралы хабарлама 14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден келіп түсті», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қазір әлеуметтік желілерде Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында өрт болып жатыр деген хабарлама тарауда. Осы орайда, жергілікті өрт сөндірушілер алаңдауға негіз жоқтығын айтып, дереу ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өрт туралы хабарлама 14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден келіп түсті. Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 үйдегі «Қазақфильм» аумағында екі оттың ошағы анықталды.

Біріншісі, жеке сарайдың астында сақталған ағаш өртенген, сонымен қатар, екі қабатты ағаш ғимарат жанған. Өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД-дан 53 адам мен 16 техникалық бөлім, полиция бөлімі және өзара әрекеттесу қызметтері тартылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Ал алдын ала таратылған хабарларға қарағанда, бұл ретте «Томирис» фильмінің декорациясы жанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары