$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысының тұрғынын қаскөй өз үйінде пышақтап кетті

Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кісі өлімі 15 тамызда, сенбіге қараған түні болған. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған азамат Шелек ауылының ауруханасына жеткізілгенмен, оны құтқару мүмкін болмапты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары