$ 494.87  520.65  4.91

Үйлену той кезінде келіншегінің жеңіл жүрісті болғанын білген жігіт оны қуып жіберді

Хабарламаны жіберген автор қалыңдықтың бұрын "эскорт" болып жұмыс істегенін айтқан.
Фото: ntv.ru
Фото: ntv.ru

Владикавказда еркін күрестен әлем чемпионы Заурбек Сидаковтың үйлену тойы шулы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Сидаков Токио Олимпиадасында Ресейдің атынан шығуы керек болатын. Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Ал спорттық өміріндегі үзілісті сәтті пайдаланғысы келген Сидаков үйлену туралы шешімге келген.

Мерекелік кештің ортасында атақты спортшы мен тойда отырған бірнеше қонақтың ұялы телефонына "күтпеген видео" келген. Онда Сидаковтың жарының ерсі әрекеттері бейнеленіпті. Хабарламаны жіберген автор қалыңдықтың бұрын "эскорт" болып жұмыс істегенін айтқан.

Осыдан кейін үйлену той у-шумен жалғасып, ақыры күйеу жігіт сүйіктісін рестораннан қуып шыққаны белгілі болды. Кейінірек суретті қалыңдықтың бұрынғы жігітінің жібергені анықталған. Ол осы іс әрекетімен кек алғысы келіпті. Аталған шулы жағдайдан кейін қалыңдық әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп тастады. Ал Заурбек Сидаков үйлену тойы туралы БАҚ беттерінде ешқандай пікір білдірмеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары