Оқиға 20 тамыз күні кешкі сағат жеті жарым шамасында Алакөл ауданының Бескөл ауылында болды, деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Ауылдан 1 шақырым қашықта орналасқан балық зауытының тастанды ғимаратында ойнаған үш бала смартфонға фотоға түсек болған. Алайда, оларды бетон қабырға басып қалған.
«2004 және 2005 жылы туған екі бала оқиға орнында көз жұмды. 2004 жылы туған үшінші баланың аяғы бірнеше жерінен сынып, Үшарал қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаларды 2 қабатты ғимарат ішінде бетон қабырғаның басып қалғанын анықтады. Ғимарат 1991 жылдан бері жұмыс істемеген», - делінген аталған хабарламада.
Құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-ның 7 маманы мен 3 техникасы және жедел жәрдем қызметі, 2 кран қатысқан.