$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бетперде киген үш қарақшы жанармай бекетін тонап кетті (ВИДЕО)

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде екі адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың 12 тамызында таңертең полицияға бетперде киген үш адамның жанармай бекетіне қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келді. Жедел-іздестіру шаралары барысында олардың 52 мың теңгені иемденіп, кейін белгісіз бағытқа кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде екі адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Біреуі бұрын сотталған. Олар Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты оны іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары