$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділердің үйін тінтіп, қамауға алды

Бірақ оны наразы жұрт тыңдамады. «Белсенділер террорист пе, экстремист пе?» деп сұрақ жаудырып, оларды дереу босатуды талап етті.

22 тамызда Алматы, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларында полиция оннан астам белсендінің үйіне тінту жасап, өздерін ұстап әкетті, деп хабарлайды Сentralasian.org.

 Полиция оның себебін «қылмыстық іс шеңберіндегі тінту амалдары жүргізілді» деп түсіндірді.

Сенбі күні сағат 20.00 шамасында бір топ алматылық белсенді мен ұсталғандардың туыстары Алматы қалалық полиция департаменінің алдына жиналып, туыстарын босатуды талап етті. Болған жағдайды алматылық белсенді Ұласбек Ахметов Facebook парақшасында тікелей эфир арқылы хабарлады. Видеода «Бостандық! Бостандық» деп ұрандатқан адамдарға жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Байғожаев келіп, басу айтты, жиналғандары заңсыз екенін түсіндірмек болды. Бірақ оны наразы жұрт тыңдамады. «Белсенділер террорист пе, экстремист пе?» деп сұрақ жаудырып, оларды дереу босатуды талап етті. Кейін жиналғандармен сөйлесуге Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары подполковник Рустам Әбдірахманов шықты. Жиналғандар оған 11 адамның тізімін беріп, оларды босатуды талап етті.

  «Арнайы жасақ таңғы 7.00 шамасында мен үйде жоқта кәмелетке толмаған баламды «көршіміз» деп алдап ішке кіріп, үйдің астан-кестенін шығарып кеткен. Баламның компьютерінің процессорын, телефондарын алып кеткен. Бұл бандитизм емей немене?», – деді Шара Жексебаева.

Ол күйеуі Асхат Жексебаевты босатуды талап ететінін, оны Ақтаудан Алматыға жеткізгенін естігенін айтты.

 «Он минут уақыт береміз. Мына тізім бойынша үйіне тінту жасалып, алып кеткен белсенділердің қайда екенін айтыңыздар және босатыңыздар. Басқа полиция бөлімшелері осы департаментке бағынады, сондықтан біз басқа жақтан іздемейміз», – деді жиналғандар.

Полиция қолына берілген тізімде Дәметкен Аспандиярова, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов, Ермек Қазиев, Марат Айтбаев, Әлібек Жылқайдаров, Болат Смағұлов, Нинагүл Жұманиязова, Мейірхан Әбдіманапов, Гүлзипа Жаукерова, Елдар Смадияров секілді белсенділердің аты-жөні көрсетілген.

Рустам Әбдірахманов Абай Бегімбетов пен Гүлзипа Жаукеровамен тергеу амалдары жүріп жатқанын айтып, қалғандары босатылған деді.

Белсенді Ұласбек Ахметовтың айтуынша, Қайрат Қылышевтың, Марат Айтбаевтың және Мейірхан Әбдіманаповтың 8 тәулікке қамалған. Ол дәл осындай жағдай Ақтауда да болғанын айтты. Оның сөзінше, сенбі, 22 тамыз күні арнайы жасақ Ақтауда жүрген алматылық белсенділер Диана Баймағамбетованы, Нұрбол Өнерханды, Бибігүл Мамайды, Дидар Қайыровты және ерлі-зайыпты Айгүл Ақберді мен Абловас Жұмаевты тінтіп, қамауға алған. Белсендінің мәліметінше, Нұрбол Өнерхан мен Дидар Қайырбек 15 тәулікке, Бибігүл Мамай 10 тәулікке қамалған.

Facebook желісінде тараған ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда полиция белсенді Асқар Қайырбекті көшеден күштеп алып кеткен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары