Рудныйдағы автокөлік кәсіпорны аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
"19-да Рудный өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Рудный Автотранс ЖШС-нің аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жолаушы автобустарының жанып жатқаны белгілі болды. Автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Өрт сөндірушілер мен мекеме өкілдері 12 автобусты қауіпсіз аумаққа шығарды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.
10 автобус өртке оранып, 2 автобусқа зақым келді. Өртті сөндіруге арнайы екі техника және 18 адам жұмылдырылды.
Өрт сағат 5.10-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.