$ 494.87  520.65  4.91

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңын су басты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су басқан көшенің видеосы тарап жатыр.

Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Видеодан аңғарғанымыздай, су құбыры дәл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңында жарылған. Елорданың оң жағалауында жер қазу жұмыстары кезінде құбырға зақым келіп, көшені су басты. 

"Астана су арнасы" таратқан мәліметке сәйкес, Пушкин көшесінің бойында "СП КазГерСтрой" ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізген. Бүгін сағат 12.30-дың шамасында компания қызметкерлері су құбырын зақымдап алды.

"Соның салдарынан Д=900 мм болатын шойын су құбыры бұзылды. Қазіргі кезде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету шаралары атқарылып жатыр. Су таситын көліктің қай жерге келетінін 76-76-76 телефоны бойынша нақтылауға болады", - дейді компания мамандары. 

Сонымен қатар мамандар алдымен жарылған құбырдың суы тоқтатылатынын, кейіннен жөндеу жұмыстары атқарылатынын хабарлады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су басқан көшенің видеосы тарап жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары