$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында мектеп директоры баланы мектепке дейінгі сыныпқа қабылдау үшін ақша сұраған

Ол өз кінәсін мойындады.

Атырауда пара алған мектеп директоры ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жылыой ауданында мектеп директоры баланы мектепке дейінгі сыныпқа қабылдау үшін пара талап еткен. Директорды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 20 тамызда делдал арқылы аудандық білім бөлімінің бас маманынан 20 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстады. Ол өз кінәсін мойындады», -делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары