$ 448.15  483.46  4.86

Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау ісіне қатысты тың дерек белгілі болды

Егер келіспеген жағдайда менің әкемнің ағасының баласы менімен бірге жұмыс істейді. Сол ағаңды және өзіңді жұмыстан шығарып, қуып жіберем деді.

Шымкентке жақын маңдағы әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды, деп жазады Otyrar.kz.
 
Бүгін сот залында қылмыстық істің басты фигуранты Абылай Балғынбай оқиғаға қатысты алғаш рет түсінік берді.

Оның айтуынша, бұл іске әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Дауытов итермелеп, тіпті, тапсырма беріп, тіпті бәріне өзім жауап беремін деген екен. Осыдан кейін сарбаз қаңтардың 13-і күні әскери бөлімнен 1 тапанша алып шығып, тығып қойған. Дәл осы айдың 27-і күні ол 11 тапаншаны ұрлап әкеттім деп отыр. Ал, ақпан айының 19-ына тағы да тапаншадан бөлек бірнеше автоматпен қоса оқ-дәрілердщі қоймадан алып шыққан.

Ең қызығы ұрлап әкеткен алғашқы тапаншаны сыйластары арқылы 120 мың теңгеге сатқан. Одан көрген пайдаға командирінің кездесіп жүрген қызына гүл әпердім дейді басты күдікті.


Абылай Балғынбай, айыпталушы: “Майор Дауытов өзінің кабинетіне шақырып, осы тапаншаны алып қаншаға сатуға болады және де таныс адамдар тап деп ұсыныс білдірді. Сол кісі ұсыныс білдірді. Егер келіспеген жағдайда менің әкемнің ағасының баласы менімен бірге жұмыс істейді. Сол ағаңды және өзіңді жұмыстан шығарып, қуып жіберем деді. Мен өзім бойдақ болған соң айырмасы жоқ болатын. Ағамды ойладым, отбасылы деп мәжбүрлі істелінді. Егер ұсталған жағдайда мені білесің адам бар, әскери полицияның бастығы оның да фамилиясы Дауытов атын ұмытып тұрмын. Және де тексеру келген кезде ештеңе тексермейді келіп кетеді. Көзім жетті мықты адам екеніне. Жоғары жақта да танысым бар деп айтып, бұйрық берді”.

Еске салайық, ақпан айында Түркістан облысында кіші сержант қызметкері қоймадан қару-жарақ ұрлап, 20-сына қараған түні қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған болатын. ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел операция кезінде ол көп ұзамай Алматыдан ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары