$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды интим видеомен бопсалаған

Нәтижесінде жәбірленушіден бопсалаған 120 мың теңгені алып жатқан жерінен күдікті ұсталды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz

Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын мектеп жасындағы қызын біреу бопсалап жүргеніне арызданды. 

"Бөтен бір қыз осы жылдың маусым айынан бастап кәмелетке толмаған қызға «желіге интимдік видеоңды жариялаймын» деп қорқытып, бопсалап жүрген", — дейді жәбірленуші. 

Осы жолмен ол жәбірленушіден 1 миллион теңге бопсалап алған. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, «Бопсалау» бойынша бірыңғай тізіліміне енгізді.

"Күдіктінің жеке басын анықтау үшін Жетісай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушіден бопсалаған 120 мың теңгені алып жатқан жерінен күдікті ұсталды. Ол Мақтарал ауданында тұратын жас қыз болып шықты", — деп хабарлады аймақтық ПД. 

Айғақты зат ретінде ақша мен видеоматериалдар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары