28.08.2020, 10:40

Алматыда жолды кесіп өтпек болған әйелді бірден екі көлік қағып кетті

Фото: sputniknews.kz
Әйел алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.

Алматыда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Апат Майлин көшесінде болған. Volkswagen Golf және Toyota Mark 2 көліктері бір бағытта қозғалып бара жатқан. Әйел долды кесіп өтпек болған кезде Volkswagen жүргізушісі тоқтап үлгермеді. Соққы күшімен әйел Toyota-ға қарай ұшып кетті. 

Әйел алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Өзімен бірге құжаттары болмаған.

Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Жерүсті өтпе жолы апат орнынан небәрі 50 метр қашықтықта екені айтылып отыр.