Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.
"Қолдан жасалған ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.
Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.
"Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.