29.08.2020, 16:24

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, көлік ортасынан қақ айрылды

Фото: әлеуметтік желіден алынды
Апат салдарынан 26 жастағы Mitsubishi жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

28 тамызда сағат 06: 40-та Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 65-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық ПД-ның хабарлауынша, Mitshubishi Galant жүргізушісі трассамен шығыс бағытта келе жатқан. Ондағы жүргізуші кенеттен көлік тізгініне ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып, Mercedes Sptinter-мен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан 26 жастағы Mitsubishi жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның 45 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.