Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковтың той үстінде қуып жіберген қалыңдығының құрбылары эскортта жұмыс істегенін толығымен жоққа шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, Мадина өте ауқатты отбасынан шыққан, ақшаға мұқтаж емес, "тек жан мен денеге арналған" фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген. 25 жастағы Мадинаның таныстары оған жала жабылды деп есептейді. Олар қыздың бұрынғы қатынасы үш жыл бұрын болғанын және желіде таралған видеоларда сол уақытта болғанын айтты. Кейбір құрбылары Мадинаның өзінен үлкен еркекке ғашық болғанын мойындады. Бірақ ол үйленген адам болған соң, қарым қатынасты тоқтатқан.
"Бірақ содан бері бірнеше жыл өтті, ал Мадина Заурбекті шын жүректен жақсы көрді!"- деп сендірді олардың бірі.
Тағы оқи отырыңыз:
Үйлену той кезінде келіншегінің жеңіл жүрісті болғанын білген жігіт оны қуып жіберді
Таныс қыздары үйлену тойын Мадинаның бұрынғы сүйіктісінің әйелі бұзды деп санайды. Ол әйел күйеуінің телефонынан анай видеоларды алып, кек алу үшін ыңғайлы сәтті күткен деген сенімде. Сонымен қатар, спортшының достары Заур Мадинаны жақсы танымай, тек сырт келбетінің сұлу болғаны үшін алданып қалды деп есептейді. Чемпион жігіт қызбен үйлену тойынан бірнеше ай бұрын көшеде танысқан. Қыз итпен серуендеп жүргенде жігіт қасынан өтіп бара жатып көріп қалған екен.
Күйеу жігіттің туыстары "жақсы" қызбен таныстыра алмағанына өкінетіндерін жеткізді. Оқиға тамыз айының ортасында Солтүстік Осетиядағы Заурбек Сидаковтың үйлену тойында болған. Заңгерлердің айтуынша, қалыңдыққа наразылық білдірген адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.