Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында полицейлер мен еріктілер 7 жастағы ұл баланы іздестіріп жатыр. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жоғалып кеткен баланы іздеуге полиция бөлімінің толық жеке құрамы жұмылған. Бүгін түнде полицияға 7 жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ, біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткен.
Бала сұр түсті «Украина» велосипедімен жүрген. Зубовск ауылында баланың үйден бір күн бұрын шамамен сағат 16:00-де шыққаны анықталды. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ата-анасы басында өздері іздеп, ол нәтиже бермеген соң ғана полицияға жүгінген.
Эдуард Жилиевтің белгілері: шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстінде сұр футболка, сұр спорт шалбары, қара-сұр түсті кроссовка болған.
«Полиция қызметкерлері Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны 19 жастағы жігіт Эдуардпен бірге болғанын анықтай алды. Содан кейін екеуі белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жоғалған баланың қайда екені туралы кез келген ақпараты бар адам болса, «102» жедел каналына хабарласуыңызды сұраймыз», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.