$ 448.89  477.93  4.76

Тайваньдағы тосыннан болған оқиғаны көргендер абдырап қалды (ВИДЕО)

Қыздың қасында ата-анасы болмаған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Тайваньдағы әуеге батпырауық ұшыру фестивалі кезінде болған оқиға көпшілікті елең еткізді.  Желдің қатты екпіні кішкентай қызды ұшырып әкетті, деп хабарлайды Associated Press.

Оқиғаны сол жерге жиналған тұрғындар видеоға түсіріп әрі абдырап қалған.

Жел күшімен батпырауық 10 метр биіктікке көтерілген. Сол кезде 3 жасар бала матаның ұшын ұстап тұрған. Алып батпырауық баланы ұшырып әкеткенде оның қасында ата-анасы болмаған, деп жергілік БАҚ-ы жазып жатыр. 

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, баланың киімі батпырауықтың бір жеріне ілініп қалған. Видеодан батпырауықтың баланы көтеріп әкетіп, бірнеше секунд айналдырғанын көруге болады. Артынша кішкентай қыз жерге құлап, фестивальге қатысушылар оған көмек көрсетуге тырысты. Абырой болғанда қыздың денесінде ауыр жарақат жоқ, ол қорқып қалған. 

Осыдан кейін фестиваль уақытша тоқтатылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары