$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандыда үш адам пышақ жарақатын алып, біреуі көз жұмды

Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қарағанды қаласында пышақ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары