$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда ер адам мен әйел балконнан құлап кетті

Алған жарақаты салдарынан 27 жастағы әйел есін жимастан қаза болды.
Фото: topspb.tv
Фото: topspb.tv

Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам мен әйел қылтимадан құлап, ауруханаға жеткізілді. Бірақ әйелді аман алып қала алмады, деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамызда төртінші қабаттың балконының металл қоршаулары сынған кезде  құлаған ер адам мен әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жазатайым оқиға зардап шеккендердің үйінде болған.

Алған жарақаты салдарынан 27 жастағы әйел есін жимастан қаза болды.

Ал бір күннен кейін Екібастұз ауруханасына 37 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды, ол бесінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан абайсызда құлап кеткен.

"Жазатайым оқиғалардың барлық фактілері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полиция ведомствосында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары