$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында екі үлкен дүкен отқа оранды (ВИДЕО)

Өрттің аумағы 761 шаршы метрді құрады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алматы облысының өрт сөндірушілері Іле ауданы, Чапай ауылындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 3 қыркүйек күні сағат 07:43-те өрт туралы шұғыл қоңырау келіп түскен.

"Сағат 07: 44-те оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар қызметінің оқиға орнына жақын үш өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары аяғынан тік тұрғызылды: 15 жеке құрам және бес техника бірлігі, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төрт адамы мен техника бірлігі де жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Алғашқы бөлімшелер сағат 07: 58-де оқиға орнында жеткенде (14 минут ішінде, жақын маңдағы бөліммен арадағы қашықтық - 15 км) екі қабатты "Арман" және "Николь" дүкендерінің өртеніп жатқандығын анықтады.

Өрт сағат 08: 26-да тез оқшауланып, 09: 25-те сөндірілді. Өрттің аумағы 761 шаршы метрді құрады, оның ішінде "Арман" дүкені - 610 шаршы метр (шатырын қоса алғанда) және "Николь" дүкені - 151 шаршы метр (шатыры да өртенді). Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынның жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.

Өрттің шығу себептерін анықтау үшін сол жерде өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары