Оқиғалар 04.09.2020 сағат 09:20

БҚО-да бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті

Иттің иесі анықталған жағдайда хаттама толтырылады.
БҚО-да бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті
фото: egemen.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды. 

2 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00 шамасында ауыл шетінде тұратын екі тұрғынның, бірінің 18, екіншісінің 7 қойын иттер өлтіріп кеткен. 

Иттің иесі анықталған жағдайда хаттама толтырылады. 

Өткен жылдан бері бұралқы иттерді атуға тыйым салынғаны белгілі. Қазіргі уақытта, әсіресе, ауылдық жерлерде бұралқы ит, мысықтардың көбеюі күрделі мәселеге айналып отыр.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар