Бесінші сынып оқушылары Zoom арқылы математика сабағын оқып жатқанда порноның қосылып кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасындағылар түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"2020 жылдың 3 қыркүйегінде ZOOM платформасында 5 сынып оқушыларының оқу процесіне бөтен адамдар кіріп, балалардың компьютер экранында ұятсыз слайдтар шығарып, балағат сөздер айтып, математика сабағын бұзды. Ата-аналар мен мұғалімдерден осы негізде хабар келіп түскеннен кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кездесу өткізді", - деп атап өтті білім басқармасындағылар.
Тағы оқи отырыңыз: Елорда тұрғыны оқушылардың онлайн сабағында порно көрсетілгенін айтып шағымданды
Сонымен қатар, оқушылармен чат пен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп нормаларын сақтау бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді.
"Сондай-ақ, ата-аналар кешке бейтаныс адамдармен сөйлесіп жүрген-жүрмегенін білу үшін балалардың ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Енді сабақтар Microsoft Teams платформасында өтетін болды", - дейді шенділер.
Білім басқармасындағылар бұл келеңсіз жайтқан байланысты полицияға хат жолдағанын атап өтті.