«Нұр-Сұлтан» тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова Facebook-тегі жазбасында ұлының онлайн сабақтары кезінде порно көргенін айтып шағымданды.
"Сабақтың екінші күні онлайн режимінде, ал Zoom бағдарламаларында сұмдық болып жатыр. Неге біздің балалар онлайн сабақтарда отырып, эфирде жалаңаш ер адамдарды көреді? Бесінші сынып, менің балам шок күйде. Қалған сыныптастары шокта, мен қолым дірілдеп отырмын.
Zoom бағдарламасы осындай ма? Кеше, сыныпта балалар онлайн режимінде отырды, ересек ер адамдар тікелей эфирге шықты: кілемшелер, ән, би. Біздің балаларымызға қалай сабақ бересіздер?" - деп ол білім министрлігіне жүгінді.
Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook-тағы аккаунтында мұндай жағдайлардың алдын алу туралы нұсқаулық жариялады.
Бейнеконференцияның қажетсіз қатысушыларынан қорғану үшін (конференцияға сілтеме дұрыс емес мекен-жайға келген болуы мүмкін) келесі қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдалану қажет:
"Күту бөлмелерін" жасаңыз, ешкім сіздің бөлмеңізге кіре алмайды.
Конференция басталмай тұрып қосылыңыз - бұл сізге кім қатысатынын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
Дыбыстық қолтаңбаларды қолданыңыз - бұл сырттан қосылғысы келетін жаңа қатысушылардың басқаруға мүмкіндік береді.
Кез-келген қатысушының немесе барлық қатысушылардың таратылымын жазу мүмкіндігін өшіріңіз.
Конференцияңызды пароль арқылы қорғаңыз.
Экранды бірлесіп пайдалану үшін су белгілерін пайдаланыңыз.
Жаңа терезе ашқан кезде экранды бірлесіп пайдалануды тоқтата тұрыңыз.
Электрондық пошта домені бар адамдарға конференцияға қатысуға рұқсат етіңіз.
Ең бастысы: конференцияға қатысушылардың барлығын жинап алғаннан кейін, оны құлыптаңыз(Lock Meeting)", - деп жазылған нұсқаулық
Дереккөз: Stan.kz