$ 494.87  520.65  4.91

Орал тұрғыны 14 жастағы оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған

14 жастағы қыз 3 қыркүйекте тәртіп сақшыларына шағым түсірген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған 23 жастағы Орал тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның тамыз айының ортасында болды деп отыр. 14 жастағы қыз 3 қыркүйекте тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Артынша күдікті анықталып, ұсталды. 

Қазіргі кезде ҚР қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөліміне ("Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Кінәсі толық дәлелденген адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырылады немесе бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан жазасы қарастырылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары