$ 444.22  476.38  4.82

4 млн теңге: парақор шенеуніктің ұсталған сәті ВИДЕОға түсіп қалды

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады" делінген агенттік таратқан хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының 4 миллион теңгеден аса пара алған шенеуніктің ісі әшкере болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл оқиға жайлы мәлімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің және бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеу бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады. 

«Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерлерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған.

2020 жылғы 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады» , - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары