05.09.2020, 17:17

Алматыда сантехник үш адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Күдікті қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Алматының Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде сантехник ретінде жалданған ер адам әйелді өлтірді. Содан кейін анасы мен сол жерде тұрған көршісіне пышақ жарақаттарын салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ер адамның жұмыс бабындағы төлемі үшін жұмыс берушілермен жанжалдасқаны анықталды. Ұрыс барысында ол әйелдерді және олардың көршісін пышақтап тастаған. Алған жарақаты салдарынан 1988 жылы туған М.азаматша оқиға орнында көз жұмды. Оның анасы – 1957 жылы туған О.азаматша мен көршісі 1985 жылғы Ш.азамат жедел ауруханаға жатқызылды. 

Күдікті – 1977 жылғы А.азамат қылмыс орнынан қашып кеткен. Алайда оны учаскелік инспектор аумақты тексеру кезінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аяқталғаннан кейін ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылады", – деп хабарлады Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.