$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-да қатты дауыл тұрып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Қаратал аулында дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды altaynews.kz

Оқиға кеше, 4 қыркүйекте шамамен 18:00-де болған. Жойқын желдің салдарынан К.Рамазанов көшесіндегі жарық бағаналары майысып, 20-ға жуық үйдің, лапастың шатырлары жұлынып, тағы бірнеше үйдің қоршаулары қираған. Құйын шатырларды түбімен жұлып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Адам шығыны жоқ.

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары